Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммиті ашылды

Алматыда «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммиті ашылды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Алматыда «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммиті ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Саммитке оқушылар, педагогтер, студенттер мен жас зерттеушілер қатысып жатыр. Саммиттің алғашқы күні оқушылар «Сириус» білім беру орталығының «Большие вызовы» жазғы бағдарламасында әзірлеген ғылыми-технологиялық жобаларын таныстырды. Көрмеде олар қандай міндеттерді шешуге кіріскенін және қандай шешімдер ұсынғанын айтып берді.

230-ға жуық оқушы 15 командаға бөлініп, ғылыми ұйымдар мен компаниялар ұсынған жаңа тапсырмаларды орындап жатыр. Олар жасанды интеллект, робототехника, ғарыш технологиялары, биотехнология және экология бағыттарында жұмыс істеуде. Оқушылар өз әзірлемелерін жобалар фестивалінде таныстырады.

Саммит бағдарламасына шеберлік сабақтары, дәрістер және сарапшылармен практикалық сабақтар енгізілген. Қазақстандық 150-ге жуық педагог біліктілігін арттыру бағдарламаларына қатысып, тағылымдамадан өтеді. Мұғалімдер оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша тәжірибе алмасып, командалық жобаларға жетекшілік ету әдістерімен танысады.

«Сириус» университетінің ғылыми мектептеріне қатысатын студенттер, магистранттар және аспиранттар зерттеу тәжірибесімен алмасып, ғылыми міндеттерді шешудің түрлі тәсілдерін талқылайды және топпен жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды