Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық тауарлар сөрелерде және бағаны бақылау: Қарағандыда сауда вице-министрімен кездесу өтті

Қазақстандық тауарлар сөрелерде және бағаны бақылау: Қарағандыда сауда вице-министрімен кездесу өтті
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Ішкі және электрондық сауданы дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық тауарларды ілгерілету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тежеу. Осы тақырыптар ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтің Қарағанды облысының тұрғындары мен бизнес өкілдерімен кездесуінде басты мәселелерге айналды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге дейін вице-министр Қарағандыдағы бірнеше кәсіпорын мен сауда нысанында болды. Олардың қатарында «Қарағанды-Нан» корпорациясы, Magnum E-commerce Kazakhstan компаниясының филиалы және тұрақтандыру қорын қалыптастыруға тартылған «Сарыарқа» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің көкөніс қоймасы бар. Жұмыс сапары барысында азық-түлікті өндіру, өткізу және сақтау мәселелері, сондай-ақ нарық қатысушылары тап болатын проблемалар талқыланды.

Кездесуді ашқан Әсет Нүсіпов сауда саласының дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды. 2025 жыл қорытындысы бойынша Қазақстандағы ішкі сауда көлемі 12,5%-ға өсті. 2026 жылдың тоғыз айында өсім 6,2% болды. Электрондық коммерция да белсенді дамып келеді.

Министрліктің басым бағыттарының бірі  ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесін арттыру. Бүгінде сауда нысандарындағы отандық тауарлардың ең төменгі үлесі 30% болуға тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау алатын сауда кәсіпорындары үшін неғұрлым жоғары талап көзделген — сөрелердегі қазақстандық өнім кемінде 50% болуы керек.

Ішкі сауда қағидаларындағы өзгерістер отандық өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтуге және олардың өнімінің сатып алушыларға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.

– Біз неғұрлым көп отандық өндірушінің өз өнімін сауда желілерінде ұсына алғанына мүдделіміз. Ол үшін ішкі сауда қағидаларын жетілдіріп, мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтудеміз. Қазақстандық тауарлардың сатып алушыларға қолжетімді болғаны және дүкен сөрелерінде лайықты орын алғаны маңызды, – деді Әсет Нүсіпов.

Ауыл шаруашылығы өнімін өткізудің қосымша мүмкіндіктерін AgroTrade электрондық алаңы ашады. Ол өндірушілерге сатып алушыларды табуға, делдалдар санын қысқартуға және өткізу нарықтарын кеңейтуге көмектеседі.

Вице-министр сауданы цифрландыру мәселесіне жеке тоқталды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарлардың ұлттық каталогын пайдалану нарықтың барлық қатысушылары үшін міндетті болды. Қазір жүйеде 33 миллион тауар тіркелген. Каталог тауар айналымын реттеуге, нарықтың ашықтығын арттыруға және өнімді есепке алуды жеңілдетуге арналған.

Тағы бір маңызды бағыт  қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығуы. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 200-ден астам отандық компанияның қатысуымен тоғыз сауда-экономикалық миссия өтті. Сонымен қатар экономиканың түрлі салаларынан 125 кәсіпорын бизнесті шетелге жеткізілімдерге дайындауға көмектесетін экспорттық акселерация бағдарламасына енді.

Халық үшін ең сезімтал мәселелердің бірі — азық-түлік құны да назардан тыс қалмады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31 позицияға дейін кеңейтілді. Бұл ретте бағаны реттеу тәсілі өзгеруде: мемлекеттің тікелей араласуының орнына сауда үстемесін бақылауға және мұқтаж жандарды нысаналы қолдауға екпін жасалып отыр.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз бағаны мемлекеттік реттеуден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздық сауда үстемесінің сақталуын бақылауды күшейтуге көшудеміз. Халықтың әлеуметтік осал топтарына нысаналы қолдауды да күшейтудеміз, – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.

Кездесу соңында кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары вице-министрге сұрақ қойып, проблемаларын айта алды. Бизнес жүргізудің, сауданың және отандық өнімді ілгерілетудің практикалық қиындықтары талқыланды.

Әсет Нүсіпов түскен барлық ұсыныстар министрлікте қарастырылатынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды