Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда қорғаныс технологиялары саласындағы үздік жобалар анықталды

Алматыда қорғаныс технологиялары саласындағы үздік жобалар анықталды
Фото: ҚР Қорғаныс министрілігі

Алматыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қолдауымен технологиялық жобалар арасындағы Pitch Competition байқауының финалы өтті. Байқауға қатысушылар қорғаныс саласында қолдануға болатын өз әзірлемелерін таныстырды. 100-ден астам өтінімнің ішінен еліміздің әртүрлі қалаларынан келген 14 команда финалға жолдама алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрілігіне сілтеме жасап.

Байқау 5 қараша күні Defense Tech Hub алаңында өтті. Жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Қатысушылар ұшқышсыз жүйелер, жасанды интеллект, инфрақұрылымды қорғау және мамандарды даярлау бағыттарындағы жобаларын ұсынды.
Бірінші орынды сыни инфрақұрылым нысандарын әуе қауіптерінен қорғауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын автономды басқару модульдерін әзірлеген команда иеленді.

Екінші орын ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлауға арналған виртуалды тренажер ұсынған командаға берілді.
Үшінші орынды зымыран жүйелерін әзірлеу, өндіру және сынақтан өткізуге арналған отандық технологиялық базаны құру жобасын таныстырған команда иеленді.

Ақшалай сыйлықтардан бөлек, жеңімпаздар Almaty FabLab зертханасын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Ал үшінші орын алған командаға Defense Tech Hub орталығынан алты ай мерзімге екі жұмыс орны берілді.

«Қазақстан ГИС Центр» АҚ басқарушы директоры, DefenseTech бағытының кураторы Нұркен Ержановтың айтуынша, байқау әзірлеушілерге өз жобаларының практикалық қолданысын салалық мамандармен талқылауға, сондай-ақ оларды одан әрі сынақтан өткізу шарттарын қарастыруға мүмкіндік берді.

Байқау аясында технологиялық әзірлемелер көрмесі де ұйымдастырылды. Көрмеге келушілерге аумақтарды патрульдеуге арналған автономды ұшқышсыз аппараттар, жасанды интеллект негізіндегі дрон-ұстағыштар, компьютерлік көру жүйелері, ұшқышсыз аппараттарға қарсы іс-қимыл жасауға арналған тренажерлер, роботтандырылған платформалар және персоналды оқытуға арналған цифрлық шешімдер таныстырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды