Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары шеңберінде отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның басшылары және облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиында жаңа қуат көздерін іске қосу, елді мекендерді газбен қамту, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары қаралды.

Энергетика министрлігіне жаңа қуат көздерін уақтылы іске қосу және электр стансаларын жаңғыртуды бақылауға алу тапсырылды. Көмір генерациясының ірі жобалары – Екібастұз МАЭС-3, Курчатовтағы КЭС, Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларындағы жаңа ЖЭО-ларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерімді өзектендіру кезінде жасанды интеллект саласындағы жобалар мен деректер орталықтары тарапынан туындайтын электр энергиясына қосымша сұранысты ескеру қажет.

Өңірлерді газдандыру бойынша тұрғындар саны ең көп елді мекендерге басымдық беруге, сондай-ақ тұтынушыларды газ желілеріне қосу мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуге баса назар аударылды.

Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобалары бойынша әкімдіктер құжаттаманы уақтылы дайындауы, сараптамадан өтуді қамтамасыз етуі, мердігерлерді анықтауы қажет. Бұл ретте басты назар құрылыс мерзімі мен сапасының сақталуына, қаражаттардың мақсатты жұмсалуына аударылуы тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының қойылған міндеттерді орындағанына қатысты, сондай-ақ нысандарды пайдалануға уақтылы берудегі дербес жауапкершілігі атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды