Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Таза Қазақстан" акциясы: елордада 66 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Фото: Polisia.kz

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталғалы елордада полиция қызметкерлері 66 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. Акция басталғалы бері 489 жүк және 200 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Мәселен, құрылыс ұйымы Ұлы Дала даңғылы бойындағы құрылыс алаңының қоршауын және аумағын тиісінше таза ұстау талаптарын бұзған, нысанның паспорты жоқ, сондай-ақ іргелес аумақта құрылыс материалдарын сақтау фактісі анықталған. Осыған байланысты аталған ұйым жауапкершілікке тартылды.

Акция басталғаннан бері ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі бойынша ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 24 мыңнан астам, ал 505-баб бойынша абаттандыру қағидаларын бұзған 41 мыңнан астам құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Жасалған құқық бұзушылықтар Астана қаласы бойынша экология департаментіне жолданды. Астана қаласы әкімдігімен және "109" бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізілуде. Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады