Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық спортшылар жыл басынан бері 5 700-ге жуық медаль жеңіп алды

Елордалық спортшылар жыл басынан бері 5 700-ге жуық медаль жеңіп алды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана спортшылары республикалық және халықаралық аренада биіктен көрініп, түрлі спортта ел намысын абыроймен қорғап келеді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 1 472 жарысқа қатысып, 5 696 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 2 149-ы – алтын, 1 803-і – күміс, 1 744-і – қола, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бокс, күрес, су добы, семсерлесу, стенд және оқ ату, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, гимнастика, велоспорт, триатлон, самбо, таеквондо, шахмат, шорт-трек және басқа да спорт түрлерінен айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

Азия және әлем чемпионаттарындағы нәтижелердің орны ерекше. 2026 жылы елордалық спортшылар спорттың 12 түрінен өткен 15 Азия чемпионатына қатысып, 23 медаль иеленді. Оның 9-ы – алтын, 8-і – күміс, 6-ауы – қола.

Ал спорттың 11 түрінен өткен 12 әлем чемпионатында Астана өкілдері тағы 23 жүлдеге қол жеткізді. Оның ішінде 10 алтын, 8 күміс және 5 қола медаль бар.

Параспорт өкілдері де жоғары нәтижелер көрсетті. Астана құрамасының спортшылары спорттың 9 түрінен өткен 9 Азия чемпионатына қатысып, 32 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы – алтын, 12-сі – күміс, 4-еуі – қола.

Бұдан бөлек, спорттың 6 түрінен өткен 6 әлем чемпионатында елордалық параспортшылар 14 медаль иеленді. Оның ішінде 2 алтын, 6 күміс және 6 қола жүлде бар.

2026 жылғы қарашада елордалық параспортшылар парастол теннисі, армрестлинг және пауэрлифтингтен өтетін тағы үш әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды