2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылқызметі «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы Н. Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Е. Отыншиевті және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен басқа да адамдарды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және тәртіп»қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.