Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 8%-ға артты

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол арқылы жүк тасымалының көлемі 8%-ға артты
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 31,8 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары. Былтыр осы кезеңде 29,4 млн тонна жүк тасымалданған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тасымалдың екі бағыты бойынша да оң динамика байқалады. Осылайша, 2026 жылғы қаңтар–қазан айлары аралығында Қытайдан Қазақстанға 12,1 млн тонна жүк жеткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары.

Оның ішінде Достық шекаралық станциясы арқылы 5,0 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 13%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы тасымал көлемі 6%-ға артып, 7,1 млн тоннаға жетті.

Кері бағытта, яғни Қазақстаннан Қытайға 19,7 млн тонна жүк жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8%-ға жоғары.

Шекаралық өткелдер бөлінісінде Достық станциясы арқылы 13,1 млн тонна жүк тасымалданып, өсім 12%-ды құрады. Ал Алтынкөл станциясы арқылы тасымал көлемі 1%-ға артып, 6,6 млн тоннаны құрады.

Жүк тасымалы көлемінің артуы Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде мүмкін болып отыр.

Халықаралық теміржол қатынасын одан әрі дамыту аясында шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғыртуға, шекаралық өткелдердің өткізу қабілетін арттыруға және логистикалық процестерді жетілдіруге ерекше назар аударылуда. Аталған шараларды іске асыру жүк ағынының одан әрі ұлғаюын қамтамасыз етуге, тасымал тиімділігін арттыруға және Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды