Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада ерекше қысқы ойын-сауықтары бар Wonderland Astana ашылады

Елордада ерекше қысқы ойын-сауықтары бар Wonderland Astana ашылады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада 1 желтоқсанда Wonderland Astana қысқы қалашығы ашылады. 2026-2027 жылғы қысқы маусымда қала тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдыны, сырғанақтар, әткеншектер мен түрлі аттракциондар жұмыс істейді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Биылғы жаңалықтардың бірі – әйгілі «Хогвартс экспресі» пойызына ұқсатып безендірілген ертегі пойызы. Wonderland Astana осымен үшінші жыл қатарынан ашылғалы отыр. Ол елордадағы отбасылық қысқы демалыс орындарының біріне айналып келеді. Жыл сайын қысқы қалашықтың ашылуын әсіресе балалар асыға күтеді. Олар үшін бұл – ертегі әлеміне еніп, ерекше әсер алатын әрі ұмытылмас эмоцияға бөленетін орын. Кішкентай қонақтардың қуанышты күлкісі мен мерекелік алаңдарға деген қызығушылығы Wonderland Astana елордалық отбасылар үшін жақсы қысқы дәстүрге айналып келе жатқанын көрсетеді. Биыл ұйымдастырушылар балалар мен ересектерге арналған ойын-сауық түрлерін одан әрі көбейтті.

Қалашық аумағында шамамен 1 800 шаршы метрлік мұз айдыны, биіктігі 6-8 метр, ал ұзындығы 50 метрден асатын үш қатарлы сырғанақ, сондай-ақ ойын алаңдары мен тақырыптық аттракциондар орналасады.

Биыл ертегі пойызына ерекше мән берілген. Ол үшін Лондондағы әйгілі Кингс-Кросс вокзалына ұқсас арнайы станция салынады. Қонақтар Гарри Поттер туралы фильмдердің атмосферасын еске түсіретіндей безендірілген пойызға отырып, шағын саяхат жасай алады. Келушілердің жайлы демалысы үшін Wonderland Astana аумағында жылы жабық орындар, кафелер, фуд-корттар мен гриль аймағы қарастырылған.

Wonderland Astana қысқы күндерін елордада қызықты өткізгісі келетін тұрғындар мен туристер үшін тағы бір тартымды орынға айналмақ. Маусым кезінде қалашыққа миллионнан астам адам келеді деп күтілуде.

Wonderland Astana 1 желтоқсанда жұмысын бастайды. Қысқы қалашық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 11:00-ден 00:00-ге дейін, ал демалыс күндері 10:00-ден 00:00-ге дейін ашық болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды