Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Жетісу облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы қала әкімі және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, жол қызметтері мен арнайы техникалардың қысқы маусымға дайындығын тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қолайсыз ауа райы жағдайларында көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтау. Тексеру барысында қар тазалайтын арнайы техникалардың жай-күйі, қысқы кезеңге дайындығы, сондай-ақ көктайғаққа қарсы қолданылатын материалдар қорының жеткіліктілігі қаралды.

Ерекше назар ауа райы күрт нашарлаған жағдайда жедел әрекет етуге, қала көшелерін қардан уақтылы тазартуға, негізгі жолдар мен қиылыстардың, жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды. Сонымен қатар арнайы техника жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жолдарды тазалау жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция департаментінің басшылығы қысқы кезеңде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды күшейтудің маңызын атап өтті. 

– Қыс мезгілінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамызға ортақ міндет. Ең бастысы – жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Сондықтан барлық жауапты қызметтің үйлесімді әрі жедел жұмыс істеуі аса маңызды, – деп атап өтті полиция өкілдері.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды