Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қалалық диагностикалық орталық жаңа аппаратпен толықты

Қалалық диагностикалық орталық жаңа аппаратпен толықты
Фото: pixabay.com

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты диагностикалық орталықта жаңа аппарат іске қосылды. Анығын айтар болсақ, медициналық мекемедегі зертханаға жоғары технологиялық заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулердің біріктірілген модульі Швейцария елінде өндірілген «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.

Орнатылған жаңа кондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын камтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар, аталган анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналык  мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып отыр.

Анализатордың жоғары өндірушілік қабілеті, қателіктерге жол бермейтін бағдарламасы, зерттеулердің  жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуі тұртындарға сапалы зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін арттырады. Осындай жоғары технологиялы анализатордын жұмысымен танысу мақсатында Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы зертхана мамандарынан бөлек, Кызылорда, Жамбыл, Түркістан облысынан келген қызметкерлер де болды. Олар шеберлік-сабаққа қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясында Шымкент қаласында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Басты мақсат – медицина саласын жоғары деңгейге көтеру. Осы бағытқа орай қазіргі таңда көптеген жаңа медициналық ұйым бой көтеруде. Салынып жатқан емдеу мекемелері халық тығыз қоныстанған елді мекендер ішінде орналасқан. Өйткені Ұлттық жоба талабы бойынша халыққа медициналық қызмет біріншіден, сапалы, екіншіден, жақын жерде болуға тиіс.

Сапа жайлы сөз қозғағанда, ең алдымен, қаладағы емхана мен ауруханалар­дың соңғы үлгідегі заманауи медицина­лық құ­рал­дармен жабдықталып жатқа­нын айта кету керек. Бұдан өзге түрлі іс-шара­лар арқылы да халықтың денсаулығын күшейту бағытында жұмыстар қолға алынып келеді,-деп отыр орталық мамандары.

Осы тұста айта кетейік, 2023-2025 жылдары денсаулық саласы бойынша қызметкерлердің орташа табыс деңгейі артатын болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде жүзеге аспақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді