Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 360 мыңнан астам қыз бала адам папиломасы вирусына вакцина алды

Қазақстанда 360 мыңнан астам қыз бала адам папиломасы вирусына вакцина алды
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 360 мыңнан астам қыз бала алды. 2026 жылы мемлекеттік иммундау бағдарламасы 14–17 жас аралығындағы қыздарды да қамту арқылы кеңейтілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2024 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанды қоса алғанда 11–13 жас аралығындағы 301,7 мыңнан астам қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, ал 196,6 мыңы екінші дозасын алды.

2026 жылғы мамырдан бастап бағдарламаға 14–17 жас аралығындағы қыздар да қосылды. Бұл жас тобында шамамен 58,6 мың қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, 19,1 мыңы екінші дозасын алды.

Вакцинациялау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен, ерікті негізде және мемлекет есебінен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы егу жатыр мойны обыры жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустың ең қауіпті типтерінен қорғайды және болашақта аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Мониторингтің деректері бойынша егілген қыз балалардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелмеген.

Бағдарламаның кеңеюі Қазақстандағы көбірек отбасына заманауи профилактикалық шаралардың қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Қосымша ақпаратты тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды