Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мектептегі ЖИ-ден цифрлық медицинаға дейін: Алматының 2026 жылға арналған бағыты

Мектептегі ЖИ-ден цифрлық медицинаға дейін: Алматының 2026 жылға арналған бағыты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Алматыны цифрландыру: 2026 жылға арналған жаңа жобалар мен бастамалар және өткен жылдың қорытындылары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Қаладағы білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттары туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дүйсеков баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, білім беру саласындағы цифрландыру ең алдымен оқушылар мен олардың ата-аналары үшін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған. Цифрлық экономикаға қажетті кадрларды даярлау аясында қалада ауқымды іріктеу жүргізілді: 10 мың үміткердің ішінен 1,5 мың дарынды оқушы таңдалып, олар жасанды интеллект бағытындағы бағдарламалар бойынша білім алады.

Сонымен қатар, білім беру жүйесінде мыңға жуық оқушыны Junior-разработчик деңгейіне дейін даярлау міндеті қойылған. Бұл жасөспірімдерге мектеп бітірмей тұрып-ақ IT саласында алғашқы практикалық дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді. Ал жақында мектеп үйірмелеріне қатысуға берілетін цифрлық өтінімдердің үлесі 90%-ға жетпек.

«Біз балалардың заманауи технология мен сұранысқа ие білімге нақты қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жүйе қалыптастырып жатырмыз. Біз үшін цифрлық шешімдерді жай ғана енгізу емес, оқушыларға дамуға және болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін түсінікті әрі пайдалы құрал ұсыну маңызды», — деді Мейрам Дүйсеков.

Айтарлықтай өзгерістер денсаулық сақтау саласында да күтіліп отыр. 2026-2027 жылдары Алматыда барлық диагностикалық зерттеуді — рентген, КТ, МРТ және өзге де түсірілімдерді біртұтас цифрлық архивке біріктіретін PACS жүйесін енгізу жоспарланған. Бұл дәрігерлерге пациенттердің медициналық деректеріне жедел қол жеткізуге, диагноз қою дәлдігін арттыруға және тексеру нәтижелерін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, 2027 жылға қарай қала тұрғындарының кемінде 70%-ы электронды жеке денсаулық кабинеттерін белсенді пайдаланады деп болжанып отыр. Бұл кабинеттер арқылы алматылықтар медициналық ақпаратты, талдау нәтижелерін және дәрігерлердің ұсынымдарын ыңғайлы онлайн форматта ала алады.

«Цифрлық медицина — бұл ең алдымен пациенттер үшін қолайлылық пен уақыт үнемдеу. Электронды денсаулық кабинеттері адамның жағдайын жақсырақ бақылауына және дер кезінде көмекке жүгінуіне мүмкіндік береді», — деді Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, аналитика мен деректерді басқаруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қаланың Ахуалдық орталығында білім беру және медицина нысандарына қатысты ГИС-деректер белсенді пайдаланылады. Аналитикалық құралдар инфрақұрылыммен қамтылу деңгейін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін мектептер мен медициналық мекемелердің қолжетімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде неғұрлым дәл әрі негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады.

Баспасөз конференциясында айтылғандай, Алматыдағы цифрландыру — бұл жекелеген сервисті енгізумен шектелмейтін, технологияны қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға бағыттайтын кешенді даму тәсілі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті