Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодардағы қабылдау-тарату орнына 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді

Павлодардағы қабылдау-тарату орнына 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді
Фото: polisia.kz

Павлодар қаласының қабылдау-тарату орнына 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған кезекті жергілікті профилактикалық іс-шара өткізді. Ерекше назар басқа қалалар мен өңірлерден жеке басын куәландыратын құжаттарсыз келген азаматтарға, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға аударылды. Іс-шара барысында полицейлер мұндай азаматтардың болуы мүмкін орындарын тексеріп, жеке басын анықтады. Сондай-ақ мән-жайды анықтау және қажетті профилактикалық шараларды жүргізу үшін оларды қабылдау-тарату орнына жеткізді.
- Басты міндет – белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтап, олардың жеке басын белгілеу ғана емес, сонымен қатар ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу және қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету. Адамдардың баспанасыз қалу себептері әртүрлі: баспанасынан айырылу, отбасылық мәселелер, алкогольге тәуелділік. Өкінішке қарай, олардың кейбірі әлеуметтік оңалтудан өткеннен кейін де бұрынғы өмір салтына қайта оралады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Қарабаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері қабылдау-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 3 520 адам жеткізілген. Полиция тұрғындарды бейжай қалмауға шақырады. Егер көмекке мұқтаж адамды байқасаңыз немесе құқық қорғау органдарының араласуын қажет ететін жағдайдың куәгері болсаңыз, 102 нөміріне хабарлаңыз. Сондай-ақ қабылдау-тарату орнына тікелей 51-58-51 телефоны арқылы хабарласуға болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды