Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана тұрғыны 30-ға жуық адамды алдады деген күдікке ілінді

Астана тұрғыны 30-ға жуық адамды алдады деген күдікке ілінді
Фото: polisia.kz

Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны азаматтарға қысқа мерзімде мол табыс табуға және салған қаражатын еселеп қайтаруға уәде беріп, алаяқтық жасады деген күдікке ілінді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті әлеуметтік желілерде инвестиция салу арқылы тез әрі мол табыс табуға болатыны туралы хабарландырулар жариялаған. Ол салынған қаражатты екі еселеп қайтаруға уәде берген. Аталған ұсынысқа Ақтөбе облысының бірнеше тұрғыны да қызығушылық танытқан. Уәде етілген пайдаға кенелеміз деген азаматтар күдіктіге ақша аударған. Жалпы еліміздің әр өңірінен 28 адам алаяқтық әрекетінің құрбаны болған. Алғашында әйел салымшыларға уәде етілген пайыздық төлемдерді жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда азаматтар ірі көлемде ақша сала бастаған кезде төлемдер тоқтатылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, келтірілген залал көлемі және күдіктінің осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Әсіресе қысқа мерзімде жоғары табыс табуға немесе салынған қаражатты еселеп қайтаруға кепілдік беретін ұсыныстардан сақ болыңыздар.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды