Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да елдімекендердің санитарлық жағдайына бақылау күшейтілді

ШҚО-да елдімекендердің санитарлық жағдайына бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Өңірде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және елдімекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасып жатыр,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Тарбағатай ауданының Қарасу ауылында абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін анықтады. Бірінші жағдайда 65 жастағы жергілікті тұрғын өзі тұратын үйдің ауласынан тыс жерге тұрмыстық қалдықтарды жинаған. Екінші жағдайда 58 жастағы тұрғыны аула аумағынан тыс жерге күл, қоқыс және шөп қалдықтарын төккен. Екі дерекке де құқықтық баға берілді.

Азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына ескерту жасалды. Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға жинамауға және іргелес аумақтарды қоқыспен ластамауға шақырады. Мұндай әрекеттер елдімекендердің көркін бұзып қана қоймай, қоршаған ортаның санитарлық жағдайына да кері әсер етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды