Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Молдова премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Молдова премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Анталияда (Түркия) БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 31-ші конференциясының Саммиті аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Молдова Республикасының Премьер-министрі Василе Тофанның кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, көлік-логистикалық байланыстарды дамыту, сондай-ақ энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Олжас Бектенов Молдова Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өтті. Өзара сауданы ұлғайту үшін перспективалық бағыттар белгіленді. Қазақстанның экспортын ұлғайту және екі ел арасындағы көлік қатынастарын дамыту мүмкіндіктеріне, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Молдованың логистикалық инфрақұрылымын пайдалану мәселелеріне назар аударылды.

Өз кезегінде Василе Тофан Қазақстанда экономиканың прогрессивті өсуін қамтамасыз ету бойынша жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы оң пікір білдіріп, елдің халықаралық энергетикалық нарықтағы ұстанымдарының нығайғанын атап өтті. Молдованың Қазақстанмен іскерлік байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін білдірді.

Тараптар қазақ-молдован қатынастарын экономиканың басым бағыттары бойынша одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды