Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Беларусьтің Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Беларусьтің Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті. Кездесуге Беларусьтің Алматыдағы Бас консулы Денис Мелешкин де қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ Алматы мен Беларусь өңірлері арасындағы байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Дархан Сатыбалды Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас өзара құрмет пен сенім негізінде жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Екіжақты байланысты нығайтуда мемлекет басшылары – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко арасындағы сындарлы диалогтың маңызы зор. Халықаралық ұйымдар аясындағы тұрақты кездесулер мен екіжақты байланыстар үкіметаралық және өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағыт-бағдар береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы шамамен 30%-ға өсіп, 1,2 млрд АҚШ долларынан асты. Алматының да сауда-экономикалық байланысы қарқынды дамып келеді. 2025 жылы қаланың Беларусьпен сыртқы сауда айналымы 480,6 млн АҚШ доллары болса, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл көрсеткіш 287,7 млн долларға жетті.

Бүгінде Алматыда Беларусь капиталы бар 417 кәсіпорын тіркелген. Олар өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік, қойма қызметі, ақпарат және байланыс салаларында жұмыс істейді.

Кездесуде қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, суды тазарту және жеделсаты жабдықтарын жаңғырту салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Almaty Innovation & Financial Zone арнайы экономикалық аймағы базасында өндірісті жергіліктендіру және инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейтуге, сондай-ақ өзара тиімді бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды