Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 8,38 гектар аумақ жаңартылды: Жұбанов көшесін көркейту жұмыстары аяқталды

Алматыда 8,38 гектар аумақ жаңартылды: Жұбанов көшесін көркейту жұмыстары аяқталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Әуезов ауданында Өтеген батыр көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықтағы Жұбанов көшесін кешенді көркейту және көгалдандыру жұмыстары аяқталды. Жаңартылған аумақтың жалпы көлемі – 8,38 гектар. Жоба шамамен 5 200 тұрғынды қамтиды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоба аясында жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылды. Атап айтқанда, 11 495 шаршы метр тротуар жабыны төселіп, 4 329,6 шаршы метр аумаққа асфальт, 1 968 шаршы метр жерге резеңке төсемі салынды. Бұл жүргіншілерге, соның ішінде балалар мен егде жастағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Көгалдандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында 31 812 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Мұнда 464 ағаш пен 21 757 сәндік бұта егіліп, 6 095 шаршы метр гүлзар және 25 717 шаршы метр көгал жасалды. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін 31 812 шаршы метр аумақты қамтитын суару жүйесі де қарастырылған. 

Жаңартылған аумақта әр жастағы тұрғындардың демалып, белсенді уақыт өткізуіне арналған инфрақұрылым жасалды. Атап айтқанда, 35 демалыс аймағы, 11 балалар ойын кешені, 16 спорттық құрал-жабдық және 9 әткеншек орнатылды. Сонымен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды. 

Жаңартылған көшенің ерекшелігі – заманауи өнер мен қазақтың ұлттық дәстүрлерін ұштастырған үш авторлық мүсіндік композиция. Оларды мүсіншілер А. Орманбеков, Қ. Асылбай, Т. Ермұхаметов және С. Нурушевтен құралған шығармашылық топ әзірлеген.

«Үлкенге құрмет» композициясы ұрпақтар сабақтастығын, ізеттілік пен үлкенге деген сыйластықты бейнелейді. Үш діңгек адамның әке, ана және ерлі-зайыптылар жағынан тарайтын үш туыстық арнасының бірлігін білдіреді. Көкке созылған бұтақтары бата сұраған алақанды елестетсе, алтын түстес жемістері ата-баба даналығын меңзейді. 

«Әуен» мүсіні көрнекті қазақ композиторы Ахмет Жұбановтың мұрасына арналған. Композицияда домбыра мен шаңқобыздың сұлбалары көркем үйлесім тапқан. Олар халықтың рухани тамыры мен музыкалық дәстүрлерін бейнелейді. Мүсін «Қазмойын» және «Қошқармүйіз» ұлттық ою-өрнектерімен толықтырылған. Бұл өрнектер сұлулықты, еркіндікті, береке мен дәстүр сабақтастығын білдіреді. 

Ал «Кең дала» атты үшінші композицияда үш жылқының бейнесі сомдалған. Олардың сұлбасы қазақ даласының кеңдігін, рух күшін, табиғат үйлесімін және еркіндікке ұмтылысты танытады. Мүсін ұлттық құндылық пен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейді.

Көркейту барысында кешкі жарықтандыруға да ерекше мән берілді. Орнатылған шамдар жүргіншілер жолын жақсы жарықтандырып, қараңғы уақытта серуендеуге қолайлы жағдай жасайды.

Кешенді көркейту нәтижесінде Жұбанов көшесі жаңа келбетке ие болды. Жаңартылған аумақта ауқымды көгалдандыру, заманауи инфрақұрылым мен ұлттық өнер өзара үйлесім тапқан.

Жоба Әуезов ауданында қолайлы қалалық орта қалыптастыруға, жасыл желек көлемін арттыруға және тұрғындарға арналған сапалы қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды