Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бағытында жұмыстар жалғасуда

Маңғыстау облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бағытында жұмыстар жалғасуда
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бағытында жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында 2026 жылдың 10 айында хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Есепті кезеңде кәмелетке толмаған балалардың жоғалуына қатысты 20 өтініш тіркеліп, олардың барлығы дер кезінде табылып, аман-есен отбасыларына қайтарылды. Сонымен қатар ересек азаматтардың жоғалуына байланысты полицияға 147 өтініш түскен. Оның ішінде ұзақ уақыт хабарсыз кеткендерге қатысты 30 іздестіру ісі қозғалып, 28 адамның жүрген жері анықталды. Адам өмірі мен қауіпсіздігі – полиция қызметіндегі басты басымдық. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы ақпарат түскен сәттен бастап полицейлер уақыт жоғалтпай іздестіру жұмыстарына кіріседі.

Іздестіру барысында заманауи технологиялар, соның ішінде дрондар қолданылып, түрлі қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылады. Ауа райының қолайсыздығы мен аумақтың күрделілігіне қарамастан, іздеу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі. Полиция үшін ең бастысы – жоғалған азаматты аман-есен тауып, жақындарына қайтару. Адамдардың жоғалуына көбіне отбасылық жанжалдар, жақындарымен түсініспеушілік және басқа да өмірлік жағдайлар себеп болады. Полиция азаматтарды жақындары хабар-ошарсыз кеткен жағдайда уақыт оздырмай полицияға хабарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды