Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде ойын-сауық орындарынан полицияға мыңнан астам шақырту түскен

Өскеменде ойын-сауық орындарынан полицияға мыңнан астам шақырту түскен
Фото: polisia.kz

Өскеменде жыл басынан бері ойын-сауық орындарынан полицияға түскен шақыртуларға талдау жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 10 айында қаладағы кафе, бар, түнгі клуб және өзге де ойын-сауық орындарынан "102" арнасына 1080 қоңырау тіркелген. Талдау нәтижесінде полицияға ең көп хабарлама түскен бес ойын-сауық орны анықталды. Атап айтқанда, олардың бірінен 50, екіншісінен 45, ал қалған үшеуінен тиісінше 36, 33 және 32 қоңырау түскен. Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұндай хабарламалар саны 1,5 есе азайған.

Полицияға түскен әрбір қоңырау міндетті түрде құқық бұзушылық жасалғанын білдірмейді. Хабарламалар түрлі жағдайларға байланысты түседі және олардың әрқайсысы жеке тексеруді қажет етеді. Полиция ойын-сауық орындарындағы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Бұл ретте мекеме әкімшілігі келушілердің қауіпсіздігіне мән беріп, жанжалдардың алдын алу шараларын қабылдауы маңызды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға демалыс кезінде қоғамдық тәртіпті сақтап, өзара сыйластық таныту қажеттігін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды