Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ғылыми жобаларға бөлінген грант: 945 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды

Ғылыми жобаларға бөлінген грант: 945 млн теңгенің жымқырылғаны анықталды
Фото: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Ғылым қоры» АҚ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлген қаражатты жымқыру дерегі бойынша «Bal halal» ЖШС директорына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023–2024 жылдары «Bal halal» ЖШС төрт жобаны іске асыру үшін 1,15 млрд теңге қаржы алған. Бұл жобалар аясында өсімдік шикізатынан инновациялық макарон өнімдерін және микронутриенттермен байытылған ұн өндіру көзделген.

Бөлінген қаржыға құрал-жабдық сатып алу, өндірістік орынжайларды дайындау, шикізат пен қажетті бөлшектерді алу, жабдықтарды орнату, жөндеу жұмыстарын жүргізу және дайын өнім шығаруды жолға қою жоспарланған.

Алайда тергеу кезінде сатып алынған жабдықтардың жобаларда көрсетілген өнімдерді өндіруге жарамайтыны анықталды.

Қаражатты заңсыз шығару үшін күдіктімен байланысы бар адамдардың атына тіркелген «SMART 15» ЖШС пайдаланылған. Жабдық сатып алу мен түрлі қызметтердің ақысын төлеу деген желеумен осы компанияның есепшоттарына 736,4 млн теңге аударылған.

Бұдан бөлек, бұл іске «Фабрика рекламы Шымкент», «Jana tan» ЖШС-тері мен «Sisters Brand KZ» жеке кәсіпкерлігі және басқа да кәсіпкерлік субъектілері қатысқан.

Жобалардың іске асырылуын қадағалау да қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Мониторинг актілері өндіріс орындарына бармай, атқарылған жұмыстарды тексермей жасалған. Құжаттарды «Bal halal» ЖШС қызметкерлері әзірлеп, мониторинг топтарының мүшелері қол қойған. Осылайша мемлекет қаржысының жұмсалуы тиісті деңгейде қадағаланып жатқандай көрініс жасалған.

Тергеу дерегінше, күдікті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың 88,5 млн теңгесін заңдастыру мақсатында «Bal halal» ЖШС-нің банк есепшоттарына қолма-қол енгізген. Бұл ақшаны жобаларды бірлесіп қаржыландыруға қосқан өз қаражаты ретінде көрсеткен.

Салдарынан келтірілген жалпы шығын 945 млн теңгеге жеткен.

Күдікті қамауға алынды.

Соттың санкциясымен күдіктінің жалпы құны 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Олардың қатарында 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық үй-жай және зергерлік бұйымдар бар.

Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды