Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мұнайлы ауданында кәсіпкерлік пен инвестициялық жобаларды дамытуға басымдық берілуде

Мұнайлы ауданында кәсіпкерлік пен инвестициялық жобаларды дамытуға басымдық берілуде
Фото: kazlenta.kz / ЖИ

Мұнайлы ауданында кәсіпкерлікті қолдау, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Ауданда сауда, білім беру және өндіріс салаларында жаңа нысандар ашылып, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау ауылында «Алтын Көпір» сауда орталығының екінші кезеңі іске қосылып, 8 жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ Қызылтөбе ауылдық округінде «Arzan» сауда орталығы пайдалануға беріліп, 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында да жаңа нысандар іске қосылған. Атап айтқанда, Дәулет ауылында 100 балаға арналған «Мирас» балабақшасы, Батыр ауылында 100 орындық «Айшуақ» балабақшасы ашылған. Нәтижесінде аталған мектепке дейінгі ұйымдарда тиісінше 10 және 14 жаңа жұмыс орны құрылған.

Өндіріс саласында да ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Металлические порошки КЗ» ЖШС-нің металл ұнтақтарын өндіретін зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорын құрылысы 75 пайызға аяқталған. Зауыт іске қосылғаннан кейін айына 2 500 тонна өнім өндіру жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде 14 адамды жұмыспен қамту, ал алдағы уақытта жұмысшылар санын 150 адамға дейін арттыру көзделген. Кәсіпорынды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, «Kaz-Ling» ЖШС тұрмыстық химия өнімдерін шығаратын өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жоба аясында жылына 250 тонна өнім өндіру және 15 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Жобаны 2027–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, ауданда бірнеше ірі инвестициялық жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында«ҚазМұнайГаз-Аэро» жанар-жағармай сақтау базасының құрылысы, «Ақтау Агро» серіктестігінің жылына 7 млн инкубациялық жұмыртқа өндіруге бағытталған және «Емир-Ойл» компаниясының мұнай және газ өңдеу кешені бар. Сондай-ақ «Adil Fasad» компаниясының пенопласт блоктары мен термопанельдер өндіретін цехын салу жоспарланған.

Ауданда туризм саласын дамытуға да көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, Қызылқұм аумағында туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жоба жүзеге аспақ. Қазіргі уақытта Батыр ауылдық округінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру аудан экономикасын әртараптандыруға, өндірістік әлеуетті арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды