Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қызметтер мен техниканың қыс мезгіліне дайындығы тексерілді

Астанада қызметтер мен техниканың қыс мезгіліне дайындығы тексерілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада қалалық қызметтердің қысқы кезеңдегі қолайсыз ауа райы жағдайларына дайындығын тексеру үшін «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауқымды оқу-жаттығуға апаттық-құтқару бөлімшелері, коммуналдық қызметтер және тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты елорданың негізгі ұйымдары қатысты.

Алғашқы кезеңде штабтық жұмыс пен жедел-тактикалық жоспарлауға басымдық берілді. Азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары жеке құрам мен техниканың дайындығы туралы есеп беріп, төтенше жағдай кезінде атқарылатын жұмыстардың тәртібін нақтылады. Бұдан бөлек, ауа райы күрт нашарлаған жағдайда түрлі ведомстволардың бірлесіп әрекет ету мәселелері пысықталды.

Іс-шараның практикалық кезеңіне Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев қатысты. Оқу-жаттығу аясында жеке құрам мен арнайы техниканың ауқымды саптық байқауы өтті. Авариялық-құтқару, арнайы және коммуналдық техника, сондай-ақ аязды күндері жолды қардан тазартуға, құтқару жұмысын жүргізуге және апаттарды жоюға арналған жабдықтар тексерілді.

Оқу-жаттығу кезінде Астанада қыс мезгілінде болуы мүмкін жағдайларға дайындыққа баса мән берілді. Қатысушылар қарлы боран, жел, аяз кезінде және ауа райына байланысты тасжолдарда көлік қозғалысы шектеліп, кептеліс пайда болған жағдайда жедел әрекет ету жолдарын пысықтады.
«Қыс-2026» республикалық оқу-жаттығуы елорданың барлық ведомствосы бірлесіп жұмыс істеуге және қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайын екенін көрсетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды