Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған kazlenta.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Атап айтқанда биылғы 7 айда 1400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, жемқорлық фактісімен 900-ге жуық тұлға әшкереленді. Президентке сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол бермеу жөніндегі профилактикалық және алдын алу шаралары туралы мәлімет берілді.

Олжас Бектеновтің айтуынша, аталған шаралар аясында көліктік бақылау, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті салаларындағы сыртқы талдаудың аяқталғанын хабарлады. Сыбайлас жемқорлық қауіптері мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырудың өнім көлемін жоспарлаудан бастап шарт міндеттемелерін орындауға дейінгі барлық сатысында кездеседі.

Президенттің тапсырмасына сәйкес агенттік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмысын бағалау тәсілдерін қайта қарады. Статистикалық көрсеткіштер үшін ғана жасалатын әрекеттер алынып тасталды. Ведомствоның қызметінде бағдар ретінде сыбайлас жемқорлық қауіптерінің картасы айқындалып, оған процестердің ашық болмауына, әкімшілік кедергілерге және жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына байланысты халық пен бизнесті толғандыратын көкейкесті мәселелер енгізілді. Кездесу соңында мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты