Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Заң мен тәртіп” қағидаты аясында Қызылорда облысының полицейлері жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта Қызылорда қаласындағы Мұхамедғали Сужиков атындағы №6 орта мектептің 8–9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Н. Бақтияров қатысып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, жол белгілерінің талаптары мен жолдағы жауапкершілік жөнінде түсіндірді. Сондай-ақ жасөспірімдерге жол үстіндегі әрбір әрекеттің салдары болуы мүмкін екені ескертіліп, қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде сақтаудың маңыздылығы айтылды. Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті. Ал жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – адам өмірін қорғаудың басты шарты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды