Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда халықаралық жүк тасымалында электрондық жүкқұжаттарды қолдану енгізілуде

Қазақстанда халықаралық жүк тасымалында электрондық жүкқұжаттарды қолдану енгізілуде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Құрылтай «Жүктерді халықаралық жолмен тасымалдау шарты туралы конвенцияға (ЖТШК) электрондық жүкқұжатқа қатысты қосымша хаттаманы» да ратификациялады. Құжат 2008 жылғы 20 ақпанда Женева қаласында қабылданған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қосымша хаттама деректерді электрондық тіркеу және өңдеу технологияларын пайдалана отырып, жүкқұжаттарды электрондық форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл халықаралық жүк тасымалы саласын цифрлық құжат айналымына көшіруге жол ашады.

Қазақстанның Қосымша хаттамаға қосылуы отандық және шетелдік тасымалдаушылардың жұмыс шарттарын біріздендіруге бағытталған.

Құжатты ратификациялау экономиканы цифрлық трансформациялаудың бір бөлігі ретінде халықаралық автомобиль тасымалдарын цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қалыптасып келе жатқан еуразиялық көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін арттырып, әртүрлі көлік түрлерінің өзара іс-қимылын жеңілдетуге ықпал етеді. Бұдан бөлек, электрондық жүкқұжаттарды қолдану бақылау рәсімдеріне жұмсалатын уақыт пен еңбек көлемін қысқартуға, құжаттарды басып шығару, өңдеу және архивтеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде автокөлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды