Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда бір түнде 36 мм-ге дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр

Алматыда бір түнде 36 мм-ге дейін жауын түсті: коммуналдық қызмет нөсердің салдарын жойып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 10 қараша кешінен бері толассыз жаңбыр жауып тұр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, 11 қараша сағат 10:00-дегі жағдай бойынша қалада 23 мм, Медеу ауданында 26 мм, Каменск үстіртінде 36 мм жауын-шашын түскен. Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп, көшелер мен аулаларда су жиналған жерлерді тазалап жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, түнде қаланың бірнеше ауданында су жиналғаны анықталған.

Қолайсыз ауа райының салдарын болдырмау және жою үшін жалпы саны 1 579 адамнан құралған 85 жедел бригада кезекшілікке шықты. Жұмысқа 415 техника мен 97 мотопомпа жұмылдырылып, 2 950 құм салынған қап дайындалды. Тәулік бойғы жұмысқа 3 253 жол саласы жұмысшысы тартылды.

Синоптиктердің болжамынша, 11 қарашада жаңбыр күні бойы оқтын-оқтын жауады. 

Тағы 10 мм-ге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы +5…+7 °C шамасында болады. 

12 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр, тұман түсуі мүмкін.

Қала тұрғындарына қолайсыз ауа райында жолда абай болып, көлік жылдамдығын азайту ұсынылады. Сондай-ақ көліктерді су жиналуы мүмкін аумақтарға қоймау керек. Қатты жел кезінде ағаштардың түбінде және жарнама құрылымдарының маңында жүрмеген жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды