Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция майоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерін қарумен қорқытқан

Әлеуметтік желіде азаматтық киімдегі адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерді атыс қаруымен қорқытқан сәтінен видео тарады. Күдікті қамауға алынды, деп жазады ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан. Биыл 22 қыркүйекте осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді", - делінген хабарламада.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 29 қыркүйекте күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Ведомство өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайтынын мәлім етті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді