Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейден тасымалданған 605 мың дана тауық жұмыртқасынан заңбұзушылықтар анықталды

Ресейден тасымалданған 605 мың дана тауық жұмыртқасынан заңбұзушылықтар анықталды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

«Сырым» ветеринариялық бақылау бекетінде Ресейден әкелінген тауық жұмыртқаларын тасымалдау кезінде тиісті талаптардың бұзылуына жол берілмеді,деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Самара облысынан Қызылорда облысына бағыт алған екі жүк көлігімен барлығы 605 мың дана тауық жұмыртқасы тасымалданған. Ветеринариялық бақылау барысында өнімнің сыртқы қаптамасында таңбалау жапсырмаларының жоқ екені анықталды. Осыған байланысты екі көлік те кері қайтарылды. Жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Жүк тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 «Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» шешімінің талаптары жеткізілді.

Жыл басынан бері өңірдегі ветеринариялық бақылау бекеттерінде барлығы 294 заңбұзушылық тіркелген. Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 294 көлік кері қайтарылып, 147 тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қолданылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен жүк тасымалдаушыларды Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолданыстағы ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Өнімнің тиісті таңбамен белгіленуі, ветеринариялық ілеспе құжаттардың дұрыс рәсімделуі және тасымалданатын тауардың белгіленген нормаларға сәйкестігі – мемлекеттік шекара арқылы заңды түрде өткізу мен елдің ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндетті шарттары саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды