Абай облысының тасжолдарында ұшқышсыз ұшу аппараттары жолдағы тәртіпті бақылауда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнебақылау пультінің экранында тасжолдың биіктен түсірілген көрінісі: көлік қозғалысы, жолақ ауыстыру, басып озу сәттері. Патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында қызмет атқарып жатқанда, дрон операторы қозғалысты әуеден бақылап отырады. Абай облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Мұндай шолу көліктердің қозғалыс бағытын бақылауға және маневр жасау ережелерін бұзу деректерін анықтауға мүмкіндік береді. Полицейлер әсіресе жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретін жүргізушілердің әрекеттеріне ерекше назар аударады.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар барысында әкімшілік жауапкершілікке: Жалпы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар барысында қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 221 жүргізуші, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін 12 384 жүргізуші, ал көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 592 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырудың 3527 дерегінің жолы кесілді. Полиция жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ маневрді оның қауіпсіздігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана жасауға шақырады.