Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада жүгеріні терең өңдеу жобасының алғашқы кезеңі іске қосылды

Қызылордада жүгеріні терең өңдеу жобасының алғашқы кезеңі іске қосылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысының Сырдария ауданында «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» инвестициялық жобасының алғашқы кезеңі – жүгеріні кептіру және сақтау кешені іске қосылды. Жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық әлеуетін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба жалпы аумағы 35 гектар жерді қамтиды және екі кезең бойынша жүзеге асырылады. Бірінші кезең аясында бір мезгілде 20 мың тонна жүгері сақтауға мүмкіндік беретін кешен пайдалануға берілді. Ал екінші кезеңде жүгеріні терең өңдеп, крахмал мен сірне өндіретін зауыт салу жоспарланып отыр.

Жобаның іске асырылуы өңірде ауыл шаруашылығы шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ жүгері егістігінің көлемін одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өңдеу қуаттарының артуы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін көбейтуге жол ашады.

Биыл өңірде дәндік жүгері 11 мың гектар алқапқа егіліп, 60 мың тоннадан астам өнім жиналды.

Аталған бағытты одан әрі дамыту және болашақ зауытты қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы Жол картасы бекітілді. Құжатқа сәйкес, 2027 жылы жүгері егістігінің көлемін 28 мың гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Жобаны жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары арасындағы өндірістік кооперацияны дамытуға ерекше мән берілуде. Өнімді кептіру мен сақтауға арналған заманауи өндірістік нысандардың іске қосылуы және алдағы уақытта терең өңдеу зауытының салынуы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, өнім өткізудің тұрақты арналарын қалыптастыруға және өңірде жүгері өсіру саласын дамытуға қосымша серпін береді.

Жалпы, жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартуға және қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағытталған. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына тың серпін береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды