Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жастар инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Алматы облысында жастар инфрақұрылымы қарқынды дамуда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы екі жыл ішінде облыс аумағында жастарға арналған жаңа инфрақұрылымдық нысандар кезең-кезеңімен іске қосылып келеді. Атап айтқанда, Балқаш, Кеген, Райымбек және Қарасай аудандарында заманауи форматтағы 4 жаңа жастар орталығының ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл орталықтар жастардың шығармашылық, білім, спорт және өзін-өзі дамыту бағытындағы бастамаларын қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар, Қонаев қаласы мен Іле ауданында жастар орталығы қызметін атқаратын бейімделген коворкингтер ашылып, жас буынға қолайлы орта қалыптастырылды. Мұнда жастар еркін жұмыс істеп, жобаларды іске асырып, түрлі тренингтер мен кездесулерге қатыса алады.

Келер жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. 2026 жылы Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында жаңа жастар орталықтары іске қосылып, облыстағы жастар инфрақұрылымының картасы толықтай жаңармақ.
Жастарға арналған қолжетімді кеңістіктер санының артуы — өңірдің даму стратегиясындағы басым бағыттардың бірі.

Бұл орталықтар жас көшбасшылардың қалыптасуына, олардың идеяларын жүзеге асыруға және қоғам өміріне белсенді араласуына жаңа мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті