Халықтың әл-ауқатын жақсартуда жұмыспен қамту аса маңызды мәселе. Жоспарлы жұмыстың нәтижесінде Шымкентте жыл басынан бері 61 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.
Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 36 мың адамға жұмыспен қамтудың түрлі бағыттары бойынша қолдау көрсетілді.
Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, Субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған. субсидияланатын жұмыс орындары бойынша биыл 6 065 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Қазіргі таңда нақты – 8 349 адам қамтылған. Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында баяндады.
Сонымен қатар қазіргі таңда жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптікоқытужүзеге асырылуда. 800-ге жуық азамат жұмыс беруші мекемелерде және 1500-ден астам адам оқу орталықтарында тегін кәсіптік білім алып жатыр. Оқу сәтті аяқталған соң оларға сертификат табысталып, жұмыс беруші мекемелермен әлеуметтік келісім шарт негізінде тұрақты жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту онлайн платформа арқылы да жүзеге асырылады.Жалпы, Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспары бойынша биыл 23 420 жұмыс орыны (тұрақты – 22 044, уақытша – 1376) құрылатыны жоспарланған. Бүгінгі таңға 25 462 жұмыс орны ашылған, - деп атап өтті Шымкент қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбай.