Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді
Фото: polisia.kz

Өткен демалыс күндері Алматы қаласында алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректерін анықтау және жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шараларды профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдау көрсетті. Екі күн ішінде 300-ден астам нысан тексерілді. Олардың қатарында азық-түлік дүкендері мен ойын-сауық орындары бар. Тексеру нәтижесінде алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сатқан 17 жеке кәсіпкер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша әкімшілік материалдар жиналды.

Заңсыз айналымнан 500 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді. Сонымен қатар алкоголь өнімдерін сату кезінде заңнамада белгіленген талаптарды бұзған тағы 12 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі. Негізгі мақсат – алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою және құқық бұзушылықтардың, соның ішінде мас күйінде жасалатын құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды