Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Ақмола облысында су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлді. Аталған үш жобаны 2027 жылғы су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаражат Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға, Основное бөгеніндегі шлюз-қақпаларды жөндеуге және Иванковская бөгенін реконструкциялауға бағытталған.

Атап айтқанда:

  • Астрахан ауданындағы Қалқұтан өзенінің арнасын тереңдету, тазарту және түбін нығайту жұмыстарына 4,4 млрд теңге бөлінді. Өзеннің жалпы ұзындығы 20,8 шақырым болатын үш учаскесі тазартылып, Ескі Қалқұтан және Қалқұтан ауылдарында екі топырақ бөгеті салынады.

  • 793,7 млн теңге – Шортанды ауданындағы Основное бөгенінің шлюз-қақпаларын жөндеуге бағытталды. Жоба аясында тасқын суды өткізуге арналған су ағызу арнасы салынып, Жолболды өзені арнасындағы топырақ бөгеті таспен нығайтылады.

  • Бұланды ауданындағы Иванковская бөгенін реконструкциялау жұмыстарына 314,1 млн теңге қарастырылған. Жоба бойынша ұзындығы 49 метр болатын су ағызу құрылысы мен алты су қабылдау камерасы толық қалпына келтіріледі. Бұл қарғын су ағынын сенімді әрі дәл бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және өзен арналарын тазарту су тасқыны қаупін азайтуға, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды су басудан қорғауға, 9 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін және көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ су сапасы жақсартып, өңірдің су жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, өңірде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылы Ақмола облысының Аршалы ауданында қорғаныс бөгеті салынып, 15 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұланды ауданының Макинск қаласында шлюздері бар бөгет пен бетон науалар салу орманды-дала аймағынан келетін қарғын суды қауіпсіз өткізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің 4,7 шақырымдық арнасы тазартылып, тереңдетілді. Нәтижесінде елді мекендерді су басу қаупі жойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды