Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында қоғамдық көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды

Жетісу облысында қоғамдық көлікті мас күйде басқарған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Текеліде полиция қызметкерлері қоғамдық көлікті алкогольдік масаң күйде басқару дерегін анықтады,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдеу барысында тәртіп сақшылары SAZ автобусын тоқтатқан. Көлік тізгінінде 59 жастағы жергілікті тұрғын болған. Тексеру кезінде жүргізушінің автобусты алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Осылайша ол жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты көлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция мас күйінде көлік басқару жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу екенін және адам өміріне қауіп төндіретінін ескертеді. Әсіресе, жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты қоғамдық көлік жүргізушілерін жауапкершілік танытып, жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды