Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыр ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп салынып жатыр

Батыр ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп салынып жатыр
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Батыр ауылында «Келешек мектептері» жобасы аясында мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнайлы ауданы Батыр ауылындағы Самал шағынауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 1200 орындық №20 жалпы білім беретін мектеп құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Арнайы ұйымдастырылған баспасөз туры аясында ата-аналар, жергілікті БАҚ өкілдері, білім саласының мамандары жаңа мектептің құрылысымен танысты. Білім ордасында 56 заман талабына сай пән кабинеті қарастырылған. Қазіргі таңда мектептің кабинеттері заманға сай құрылғалармен жабдықталуда. Оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында мектеп STEM зертханалары, визуалды дизайн, хореография кабинеттері де жұмыс істейді. Сондай-ақ, ерекше білімді қажет ететін оқушылар үшін сенсорлық кабинет, логопед, дефектолог, психолог кабинеттері соңғы үлгідегі құралдармен қамтамасыз етілген. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін 2 спорт зал, визуалды өнер, дизайн және технология, шеберхана, тамақтану мәдениеті кабинеттері жұмыс істейтін болады.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес, Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында жалпы саны 12 600 оқушыға арналған 13 мектептің құрылысы жүргізіліп, олар кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Ал биыл жалпы саны 8100 орындық 9 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 6600 оқушыға арналған 8 білім ордасы қыркүйек айында ел игілігіне тапсырылады. Атап айтқанда, Ақтау қаласы - Өмірзақ ауылы «Рауан» тұрғын үй массиві, 20-шағынауданда және Жаңаөзен қаласы – Мерей шағынауданында, Бейнеу ауданы – Сам ауылы мен Бейнеу ауылында, Маңғыстау ауданы– Қосбұлақ-2 шағынауданында, Мұнайлы ауданы – Маңғыстау-3 ауылы, Батыр ауылы «Самал» шағынауданында жаңа мектептер пайдалануға беріледі.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті