Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Алматыда еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 14:00-де Алматы қаласында Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара Арбатта , Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады. Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100 жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орны бойынша 2 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде толық мәлімет ала алады.

Жәрмеңке барысында келушілерге жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңестер беріледі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бірнеше жұмыс берушімен бірден сұхбаттасып, өз біліміне, тәжірибесіне және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін қатысушыларға өздерімен бірге түйіндеме алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қыркүйек

Қатысушыларды тіркеу: 13:00

Жәрмеңкенің басталуы: 14:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы. Алматы қаласының тұрғындарын Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай өтетін жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді