Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрмеңкеде 2000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрмеңкеде 2000-ға жуық бос жұмыс орны ұсынылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте “Тең Қоғам” әлеуметтік қолдау орталығында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 
«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Еңбек мобильділігі» орталығы және  «Тең Қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы ұйымдастырған “Кедергісіз келешек” жобасы аясындағы іс-шарада 2000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге қаладағы білім, медицина, сауда, қаржы, кәсіпорындар мен басқа да салаларда қызмет көрсететін 30- дан астам жұмыс беруші мекеме қатысты.
Жәрмеңкеге Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мен «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева қатысып, жұмыс беруші мекемелер тарапынан жұмыссыз азаматтарға ұсынылып отырған бос жұмыс орындары мен еңбек шарттарымен танысты. Ұйымдастырушылар бірінші кезекте  жұмысшы қауымның мүддесін қорғауды көздеуде.
Шара барысында жетекші партия мен басқарма басшылығы жұмыс іздеушілерге «Кедергісіз келешек» жобасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын да жүргізді. Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат - мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасап, жұмысқа орналасуларына қолдау көрсету.
Шымкентте биыл бұл мақсатта “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде,1821 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған.

Сонымен қатар, биылғы жылға қала әкімінің«Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа  орналастыру” квотасы бойынша 50 мекемеге  227 бос орны белгіленген болатын.  Бүгінде 37 жұмыс беруші мекемеге 110 адам жолданды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді