Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық дамуын жалғастыруда
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сеулге жұмыс сапары барысында Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Чон Ый Хие және Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен кездесулер өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чон Ый Хиемен өткен келіссөздер барысында сұхбаттастар екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық және сенімділік негізінде қалыптасқан қатынастарды, сондай-ақ тараптардың екіжақты форматтағы ынтымақтастықты өзара күшейтуге талпыныстарын атап өтті.

А.Бақаев екіжақты қатынастардың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтіп, сенімділік негізінде қалыптасқан тұрақты саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанына назар аударды.

Тараптар «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форматындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселесіне ерекше назар аударып, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды табысты өткізу үшін келісілген күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.

Сыртқы істер вице-министрі Ким Джин Амен өткен келіссөздер көпжақты күн тәртібі мәселелеріне арналды.

Келіссөздер барысында Астана мен Сеулдің халықаралық алаңдардағы, соның ішінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік шеңберіндегі сындарлы өзара іс-қимылыды нығайту перспективалары талқыланды.

Сонымен бірге министрдің орынбасары «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы Хатшылығының атқарушы директоры Ри Джонг Кукпен кездесті және Сеул киберуниверситетіне барып, оның қызметімен танысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті