Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы көпжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрінің халықаралық көпжақты қатынастар жөніндегі орынбасары Абдуррахман Әл-Рассимен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде достық пен өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-сауд қатынастарының оң даму серпіні аталып өтті.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылына, атап айтқанда, көпжақты алаңдарда ұстанымдарды үйлестіруге және екі елдің бастамаларын өзара қолдауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, тараптар алдағы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралардың кестесін қарастырып, оларды нақты уағдаластықтармен және практикалық нәтижелермен толықтырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді