Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық құтқарушылар жылыту маусымында пешті қауіпсіз қолдану ережелерін еске салды

Елордалық құтқарушылар жылыту маусымында пешті қауіпсіз қолдану ережелерін еске салды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қаупінің алдын алу мақсатында жеке тұрғын үй секторында профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ғабит Бабаевтың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт пен көмірқышқыл газынан улану қаупін азайту.

«Өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлерде тіркеледі. Ең қауіпті кезең – жылыту маусымы. Біз рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреміз. Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылады. Бүгін екі құрылғы қойылды», – деді ол.

Құтқарушылар сондай-ақ пеш жағу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік ережелерін еске салды. Пештің жарамдылығын алдын ала тексеру қажет. Пештің кірпіші жарылып, саңылау болмауы, ал мұржада тарту күші жақсы болуы тиіс. Сонымен қатар түтін шығатын жол қабырғалар мен қабатаралық жабындардың тұтану қаупін болдырмайтындай етіп жасалуы қажет.

Пештің қатты қызып кетуінің алдын алу үшін оны күніне бірнеше рет жаққан жөн. От жағар кезде жанғыш сұйықтықтарды қолдану қауіпті. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға болмайды, пешті тек ересек адамдар ғана жағу қажет.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті