Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жылыту маусымында қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды

Қазақстанда жылыту маусымында қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов және Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының әкімдері есеп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың 1 қазанынан бері тұрғын үйлерде 340 өрт тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға төмен. Дегенмен Атырау, Ақмола, Жамбыл және Павлодар облыстарында өрт саны артқаны атап өтілді.

«Негізгі себеп – халықтың пеш жағу, сондай-ақ газбен және электрмен жылыту жүйелерін қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарының сақталмауы. Өртке қарсы ережелерді бұзғаны үшін тиімді шаралар қабылдау қажет. Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі саласында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейтуі керек», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне түсіндіру және алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әсіресе еріктілер мен қоғам өкілдерін тарта отырып, тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру маңызды екені айтылды. Мектептерде өрт қауіпсіздігі бойынша интерактивті сабақтар өткізу жүктелді.

Демалыс және мереке күндері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізу, жылыту пештері мен жабдықтарын тексеру тапсырылды. Қауіп анықталған жағдайда дереу шара қабылдау міндеттелді.

Өңір әкімдіктеріне бір ай ішінде әлеуметтік осал топтар тұратын үйлердің тізімін нақтылап, оларды ерекше бақылауға алу тапсырылды. Энергетика министрлігі газ баллондарының айналымын бақылау тетігін әзірлеуі тиіс. Жыл соңына дейін отандық газ баллондары өндірісін жолға қою мәселесі шешілуі қажет.

Премьер-министр иіс газынан улану оқиғалары көбейгеніне алаңдаушылық білдіріп, әр үйге газ датчиктерін орнатуды міндеттеу керектігін айтты. Газ қызметтері қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қатаң бақылауы тиіс.

Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Ал Мәдениет және ақпарат министрлігі профилактикалық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етеді.

Жалпы жылу беру маусымындағы өрттің алдын алу шараларын үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті