Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық рейд өтті

Астанада балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша профилактикалық рейд өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау мақсатында профилактикалық рейд өткізілді. Қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері МИБ төрағаларымен бірге көпбалалы отбасылардың пәтерлерін аралады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аралау барысында рейдке қатысушылар көпбалалы отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге ашылуды шектейтін құрылғылар орнатып, қауіпсіздік ережелерін еске салды.

«Жыл басынан бері елордада балалардың терезеден құлап кетуінің 40-тан астам жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай, әр отбасының арнайы блокаторлар орнатуына мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз осындай рейдтер өткіземіз: тегін блокаторлар орнатып, ата-аналарға балаларға сақ болудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіреміз», — деді Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Малик.

Өткізілген рейд барысында қорғаныш құрылғылары Сарыарқа және Байқоңыр аудандарындағы тұрғын үй кешендерінің терезелеріне орнатылды.

«Біздің үйлеріміз көпқабатты, сондықтан балалардың қауіпсіздігі біз үшін өте өзекті. Тұрғын үй басқармасының осындай бастамалары ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу керектігін еске салады», – деп атап өтті елордалық тұрғын үй кешенінің МИБ төрайымы Жанар Дүйсенова.

Осындай рейдтік іс-шаралар мен аралаулар елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіледі. Әр ай сайын Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің МИБ төрағаларының өтінімдерін қарастырып, олардың аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде тұрғындарға қажетті қолдау көрсетеді.Аралау барысында көпбалалы отбасыларға сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясының эмблемасы бар мектеп жиынтықтары мен жөргектер сыйға тартылды.





скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті