Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 2025 жылдың басынан бері 19,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Алматыда 2025 жылдың басынан бері 19,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
Фото: pixabay.com

2025 жылдың басынан бері Алматыда 19,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. Бұл жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына тең мүмкіндік жасауға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Jasalmaty.kz онлайн-платформасы, сондай-ақ Jobfair365 және SkillBridge сервистері арқылы 25 мыңнан астам қолданушы тартылды. Қазақстанның 20 өңірінен 3 мыңнан астам жұмыс беруші тіркеліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. Аталған сервистер арқылы 1,8 мың жас тұрақты жұмысқа орналасты.

Қалада Жастар мансап орталығы жұмыс істейді. Ол жұмыс берушілерді, оқу орындарын және жұмыспен қамту қызметтерін бір алаңға біріктіріп, өзара іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік береді. Орталық іске қосылғалы бері 5 мыңнан астам адам жүгініп, 4 мыңы жұмысқа орналасуға көмек алған.

Жыл ішінде 8 Мансап күні өткізілді. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жаз мезгілінде 2,1 мың жас уақытша жұмыспен қамтылды. Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 9,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.
Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,4%-дан 5,8%-ға дейін азайып, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4%-дан 4,1%-ға төмендеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді