Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 20-30 қараша аралығында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Алматыны көркейтуге арналған жобалар бойынша онлайн дауыс беру өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дауыс беруге Алматыда тұрақты тіркеуі бар, кәмелет жасына толған кез келген тұрғын қатыса алады. Дауыс беру budget.open-almaty.kz порталында жүргізіледі. Ол үшін порталдың басты бетіндегі «Дауыс беру» бөлімін таңдап, ұсынылған жобалармен танысу және ұнаған үш жобаға дейін қолдау білдіру қажет. Дауысты растау үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе SMS-код қолданылады.

Бағдарлама аясында мегаполис тұрғындарынан барлығы 2 128 жобалық ұсыныс түскен. Оның 471-і дауыс беруге жіберілді.

Ең көп дауыс жинаған жобалар 2027 жылы аудан әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе қосымша ақпаратты аудан әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауынан 224 39 29 (ішкі нөмірі – 203) телефоны арқылы алуға болады.

Алматы тұрғындарын дауыс беруге белсенді қатысып, қалалық ортаны жақсартуға бағытталған жобаларды қолдауға шақырамыз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды