Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай жол саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Қытай жол саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова Қытай Халық Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары ғылыми-зерттеу институты (RIOH) делегациясымен кездесу өткізді. Тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, заманауи технологияларды енгізу, автомобиль жолдарының сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту, автомобиль жолдарының сапасын арттыру және заманауи инженерлік шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өтті. Тараптар тәжірибе алмасуға, отандық ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға және жол саласына озық технологияларды енгізуге басымдық берді.

Қытай делегациясының құрамында жол құрылысы, көпір құрылыстары, сынақтар, инспекция және сертификаттау, іргелі зерттеулер мен интеллектуалды көлік жүйелері саласындағы мамандар болды. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қытай тарапынан институттың негізгі қызмет бағыттары, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері және Қытайда жол инфрақұрылымын дамыту тәжірибесі таныстырылды.

Автомобиль жолдарын салу кезінде цементбетон және асфальтбетон жабындарын қолдану мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды. Тараптар жол конструкцияларының өмірлік цикл құнын бағалау, оңтайлы техникалық шешімдерді таңдау және жабынның әр түрін қолданудың тиімді шарттары жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ жол инфрақұрылымының климаттық әсерлерге, соның ішінде нөсер жауын мен температураның күрт өзгеруіне төзімділігін арттыру, халықаралық автомобиль тасымалдарының тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және модульдік көлік құралдарын пайдалану мәселелері қаралды.

Қытай мамандары көпір құрылыстарын басқару, олардың техникалық жай-күйін мониторингтеу және диагностикалау, цифрлық жүйелерді қолдану, жөндеу жұмыстарын жоспарлау тәжірибесімен бөлісті. Бұдан бөлек, жол жұмыстарының сапасын бақылау және өңірлерді автомобиль жолдарын салу мен күтіп-ұстау сапасы бойынша рейтингтік бағалау тәсілдері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова «ҚазжолҒЗИ» АҚ-ға RIOH институтымен бірлесіп, Цифрлық жолдарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырды. Құжатта салынған автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жол жабынының мерзімінен бұрын бұзылуына жол бермеу мақсатында жүк тасымалдаушылардың рұқсат етілген салмақ нормаларын сақтауына ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар келіссөздер барысында тараптар Астана қаласында «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен RIOH арасында бірлескен ғылыми орталық құру мүмкіндігін қарастыруға келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды