Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған топ ұсталды

Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған топ ұсталды
Фото: polisia.kz

"Заңсыз келуші – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы мен бір шетел азаматы ұсталды,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт күдіктінің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы, іс-шара аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 293 дерегі анықталды. Атап айтқанда, шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 53 дерегі, сондай-ақ шетелдіктердің елге келгені туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабарламау және олардың елде болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпеудің 63 дерегі тіркелді. Шетел азаматтарын тиісті рұқсатсыз заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сот шешімдерімен 77 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам да ұсталды. Олардың біреуі – Қазақстан азаматы, үшеуі – ТМД елдерінің азаматтары. Полиция заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және өңірдегі көші-қон қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды