Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде қарсы жолаққа шыққан мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды

Семейде қарсы жолаққа шыққан мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды
Фото: polisia.kz

Семейде қарсы жолаққа шыққан мас жүргізуші 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Семей қаласының Вокзал маңындағы алаңында Haval M6 автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі қауіпсіздік аралшығын сол жағынан айналып өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол ережесінің бұзылғанын бейнебақылау камералары арқылы байқап, ақпаратты жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жеткізді. Патрульдік полицейлер автокөлікті тоқтатып, жүргізушіден масаңдық белгілерін байқады.

Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сот көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізушіні 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алып, көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырды. Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін сот оны көлік құралдарын басқару құқығынан 6 айға айыру туралы бөлек қаулы шығарды. Сот отырысынан кейін жас жігіт әкімшілік қамаққа алынғандарға арналған арнаулы қабылдау орнына орналастырылды. Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды